Түркияда екі әскери тікұшақ соқтығысып, алты адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда екі әскери тікұшақ соқтығысып, алты адам мерт болды

09.12.2024

Түркияның Спарта қаласы маңында әскери тікұшақ құлап, алты адам қаза тапты. Апатта қайтыс болғандардың бірі Спарта әуе күштері әскери оқу орнының басшысы, генерал шеніндегі офицер екені анықталды. Қалған бесеуі қатардағы жауынгерлер. Оқиға куәгерлерінің айтуынша әуеде екі тікұшақ бір біріне жанасып қанаттары соқтығысқан. Соның кесірінен бір әуе кемесі жерге құлап отқа оранған. Екі тікұшақ та әскери полигондағы кезекті оқу жаттығу кезінде әуеге көтерілген. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Мұстафа Йылмаз, Оқиға куәгері:

Сағат таңертеңгі 11-лер шамасында аспанда қатты дауыс шықты. Қарағанымда бір тікұшақтың пропеллері мен қанаттары бөлініп түскенін көрдім. Көп ұзамай тікұшақ жерге құлады да өртене бастады. Бірден өрт сөндірушілерге хабарластым. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу