Ел ішінде саяхаттайтындардың саны 10 млн-ға жетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел ішінде саяхаттайтындардың саны 10 млн-ға жетпек

09.12.2024

Иә, осы жылы Қазақстанда 12 млн-ға жуық шетелдік турист демалса, алдағы жылдары қазақстандық туристердің саны да 10 млнға жетпек. Осы ретте, «KAZAKH TOURISM» Ұлттық компаниясы инфрақұрлымды реттеу үшін биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жеке бюджеттік» бағдарлама құрылғанын айтты. Бұл алдағы жылдары сырттан келетін саяхатшылардың артуына ықпал етпек.

Даниел Сержанұлы, «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Шетелден келетін туристердің артуы белгілі бір нарықтарда жұмыс жасаудың нәтижесі дейміз. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларға да байланысты. Қонақ үйлердің саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Мысалы, былтыр жаңадан 100 орналастыру орны салынса, биыл 9 айда 300-ден астам жаңа орналастыру орындары бой көтерген. Жалпы инвесторлардың да қызығушылығы өте жоғары. тыныштық, саяси тұрақтылықта өте маңызды. Өйткені туризм деген мұндай заттарға өте тәуелді.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу