Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа - 25 жыл. Осы аралықта бауырлас екі мемлекеттің арасында экономикалық әрі рухани байланыс нығая түсті. Атаулы датаға орай, Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды. Жамбыл ауданының «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі халық әндері мен классикалық шығармаларды орындады.
Сондай-ақ, жетісулық өнерпаздар түбі бір Түрік композиторларының туындыларын да шырқады. Ал, қос мемлекеттің рухани-мәдени саладағы ынтымағын арттыратын мұндай шаралар одан әрі жалғаса бермек.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Анкара қаласында Алматы облысының өнерпаздары концерт қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20377/)