Ақмола облысының Бұланды ауданында жабайы құстарды заңсыз аулаған Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Браконьер қызыл кітапқа енген сирек құстардың бірі – қара басты пайызторғай тұқымдас құсты аулау үшін тыйым салынған торларды орнатқан. Аудандық полиция мен «Охотзоопром» мекемесі мамандары жүргізген рейд кезінде 76 құс тәркіленді. Құстардың басым бөлігі торда қысылып, өліп қалған. Күдікті 80-ге жуық құсты интернет-ресурстар арқылы сатпақшы болған. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құстарды тексеру үшін сот-биологиялық зерттеу тағайындалды. Биыл заңсыз аң-құс аулаумен айналысқан 7 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Бибінұр Әмірханқызы