Таиландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Ел намысын қорғаған 12 жерлесіміздің бесеуі чемпион атанып, Әнұранымызды шырқатты.
Ал екі спортшымыз жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Ертең ерлер арасында финалдық кездесу өтеді. Тоғыз мықтымыз чемпиондық атаққа таласады. Әзірге жігіттердің еншісінде 1 қола бар.
Айта кетейік, бүгінгі жарыста 60 келідегі Виктория Графеева, 63 келідегі Аида Әбікеева, 70 келідегі Наталья Богданова, 81 келідегі Гүлсая Ержан мен 81 келіден жоғары салмақта Елдана Тәліпова көк байрағымызды көкке көтерді.
Аида Әбікеева, бокстан Азия чемпионы:
Бүгін жақсы өтті, кішкене оңайлау болды. Өйткені, жақсы дайындықпен шықтым. Қазақ еліне және отбасыма алғысым шексіз.
Асылбек Данияр