Петропавлдық балалар қолдан түрлі бұйымдар жасап, қала тұрғындарына тарту етті.
Ерекше акция «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған 20-ға тарта адам қатысты. Балалар экологиялық материалдардан жаңажылдық шыршаны безендіруге арналған ойыншықтар жасады. Оларға еріктілер көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Акцияға қатысқан балалар да құр алақан қалған жоқ. Оларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Татьяна Дель, қоғамдық қор құрылтайшысы:
Балалар бүгін үйренген дағдысын күнделікті өмірде пайдаланады деп ойлаймын. Шақыруды қуана қабылдады. Бүгін оларға түрлі бұйым жасап қана қоймай, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік жасалды.
Эльмира Кәленова