Ауғанстанда миллиондаған адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда миллиондаған адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр

10.12.2024

Ауғанстан халқының үштен бірі азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр. Яғни мұнда аса мұқтаж жандар қатары 14 миллионға жетіп қалған. Бұны азық-түлік қауіпсіздігін классификациялау ұйымы хабарлады.

Кейбір сарапшылардың ойынша, елдің мұндай жағдайға жетуіне қуаңшылық, су тасқындары, гуманитарлық көмектің азаюы, донор елдердің басты назарды Газаға, Украинаға, Суданға аударуы себеп.

Бұған қоса Ауғанстан ондаған жылдар бойы соғыстан зардап шегіп, тәліптер билікке келгелі халықаралық санкциялардан босатылмай отыр. Ал 2020-2023 жылдары бұл мемлекет экономикасы 27 пайызға құлдыраған екен.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу