Сирияда өтпелі үкіметтің премьер-министрі болып Мұхаммед әл-Башир тағайындалды. Ол отандастарын тұрақтылық пен тыныштықтан рахаттануға шақырды. Бұл жиынға жаңа үкімет пен жексенбі күні биліктен аластатылған Башар Асад кабинетінің мүшелері қатысты.
Елге аса танымал емес әл-Баширдың мамандығы инженер-электрик. Ол осыған дейін көтерілісшілердің бақылауында болған және 4 миллион адам тұратын Идлиб провинциясының әкімшілігін басқарды. Әл-Башир Сирияға наурыздың 2025 жылдың наурызына дейін, яғни, толыққанды үкімет құрылғанша басшылық етуі керек.
Арыстан Рысбек