Оңтүстік Корея парламентінің алдына мыңдаған адам жиналып, президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялап, оны тұтқындауды талап етті. Демонстранттар биліктегі партия таратылсын деп ұрандатқан.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, шеруге шамамен 40 мыңдай адам жиналды. Оған Юнның өткен аптада «Елге коммунистерден қауіп төнді» деп әскери жағдай жариялауы себепші. Айта кетсек, парламент дауыс беріп, сол режимді көп кешікпей доғарғаны белгілі. Ал мемлекет басшысы халық наразылығын тудырған қаулысы үшін елінен кешірім сұрады.
Партияластары болса, президентті отставкаға жіберу және сәуірде немесе мамырда сайлау өткізу мәселесін ақпан айында талқылауды жоспарлап отыр.
Арыстан Рысбек