Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесі АҚШ-тың солтүстік батысында тойланды.
Солтүстік Америка Қазақ Қауымдастығы Вашингтон штатының Редмонд қаласында ауқымды шара өткізді. Жүзден астам адам қатысқан мәдени кеште ұлттық салт дәстүр ұлықталды. Әсіресе жас домбырашылардың өнері көрерменге ерекше әсер қалдырды. Қазақ әндері де әуелеп, мерекенің көркін аша түсті. Қазақтарды тәуелсіздік күнімен жергілікті татар және түрікмен қауымдастықтарының өкілдері де құттықтап келді.
Жалғас Сәдібекұлы