Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш туризм және спорт министрі Қаратай Тұрысовтың туғанына биыл 90 жыл. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің мерейтойы қарсаңында «Қаратай Тұрысов – қайраткер тұлға» атты республикалық конференция өтті.
Жиын барысында саясаткердің қызметтес болған замандастары құнды естеліктерін бөлісті. Қаратай Тұрысов ел тарихында терең із қалдырды, ұлттық экономиканың қалыптасуына, мемлекеттік институттардың дамуына елеулі үлес қосқан. 1992 жылы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында Тәуелсіз Қазақстан делегациясын бастап барған.
Қыдырбек Рысбек, «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемесі және талдау орталығы» РМКК директоры:
Қаратай ағамыздың қазақ мәдениетіне, қазақ өнеркәсібіне, қазақтың заңнамасына, қазақтың нарық саласындағы тіршілігіне қосқан үлесі азамат ретіндегі соның бәрі баяндама барысында айтылып жатыр. Жаңа Қуаныш Сұлтанов ағамыздың үлкен баяндамасы болды.
Асылбек Данияр