Жамбылда 5,2 млрд теңгенің заңсыз тауары тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда 5,2 млрд теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

12.12.2024

Жамбылда шекара арқылы заңсыз тасымалданған 5,2 млрд теңгенің тауары тәркіленді. Олардың басым бөлігі Қырғызстанның алкоголь және темекі өнімдері. Көрші елден акциздік маркасы жоқ өнімдерді арзанға алып заңсыз сататындарды экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұстады. Жалпы жыл басынан бері 6,8 млн қорап темекі, 2 мың литрге жуық спирт және 600 бөтелке контрафакті арақ алынып жойылған. Көлеңкелі кәсіппен айналысқандарға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды.

Жағыпар Исатаев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:

Заңсыз тауар тасығандарға қатысты қозғалған істер ауыр емес қылмыс санатына жатады. Сондықтан сот арқылы тауар мен автокөлік тәркіленеді. Кінәлілерге миллиондаған айыппұл салынады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабына сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу