БҰҰ Газа секторында атысты тоқтатуды қолдап дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Газа секторында атысты тоқтатуды қолдап дауыс берді

12.12.2024

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Израиль мен палестиналық «ХАМАС» тобы арасында дереу атысты тоқтатуды қолдап дауыс берді. Бұған қоса, кепілдегі азаматтардың босатылуын талап етті. Мұны Бас Ассамблеяға мүше 193 мемлекеттің 158-і қолдаған. Ал қарсы болғандардың арасында АҚШ, Израиль бар.

Израильдің БҰҰ-дағы елшісі ұйым Израильді айыптауға әуес деп мәлімдеді. Ал Палестинаның өкілі Газаны адамзат үшін «ашық жара» деп сипаттады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу