Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізгенін дұрыс шешім деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы бүлік жасамақ болды деген айыпты жоққа шығарды. Бұған қоса, қызметтен кетпейтінін айтып, соңына дейін күресетінін мәлімдеді. Юн оппозицияны импичментті өз мақсатына пайдаланды деп айыптады. Бұған дейін басқарушы «Халық күші» партиясының лидері де импичментті жақтайтынын мәлімдеген еді. Бұған қатысты дауыс беру сенбіде өтеді.
Арай Төлегенқызы