Ұлытау облысында жаңа мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында жаңа мектеп салынады

12.12.2024

Заңсыз активтерден қайтарылған 1,2 млрд теңгеден астам қаржыға мектеп салынады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Мыңадыр стансасында салынатын мектеп 80 оқушыға арналмақ. Қазір аталған елді-мекенде жалғыз білім беру мекемесі жұмыс істеп тұр. Ғимарат 1981-ші жылы салынған. Жоба бойынша 60 орындық мектеп болғанымен, қазір онда 123 оқушы оқып жүр. Мектепте бірқатар кабинеттер мүлдем жоқ. Ал жаңа мектептің құрылысы 2025-ші жылдың 1-ші тоқсанында басталмақ.

Манара Ахантай, ауыл тұрғыны:

Бала саны азайып жатқан жоқ, керісінше жылдан жылға көбейіп жатыр. Сондықтан заманауи мектеп салынуын қалаймыз. Спорт зал керек бізге. Мысалы қыста балалар денешынықтыру сабағын класта өткізеді.

Нұрбек Бекеев, Жаңарқа ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Жалпы жобалық сметалық құжат жасалып дайын тұр, мектептің алдағы уақытта салынатын белгіленген 1 га жері де дайын, ол жерде қосымша обьектілердің де орны белгіленді.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу