Алматы халықаралық әуежайында көлік тұрағының бағасы өседі. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік тұрағының сапасын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап жаңа тариф енгізіледі. Мәселен, екінші қабатқа көлікпен көтерілу үшін қосымша пандус салынып, автотұрақ аумағы кеңейді. Енді бір мезетте әуежай аумағына мыңнан аса көлік сыйып кетеді. Сондай-ақ кіреберіске көліктің нөмірін автоматты түрде танитын жүйе енгізілді. Бұл келушілерге ыңғайлы әрі кептелістің алдын алады дейді әуежай қызметкерлері.
Айдана Қуантхан