Ақтауда жасөспірімдер арасында вандализм дерегі көбейген. Жуырда жағажайдағы тас қоршауды қиратқан балалардың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полицейлер бұзақыларды анықтап, ата-аналарын оқиға орнына шақыртқан. Тентектердің іс әрекетіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жылпы биыл облыс аумағында инфрақұрылым нысандарын бұзу, көшедегі жасыл желекті бүлдіру бойынша 8 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Аягөз Оралбайқызы