Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар мен жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Білім ошақтары мен кітапханаларда түрлі дәрістер мен челлендждер ұйымдастырылуда.
Тәрбие сағаттарында қалдық қоқысты дұрыс сұрыптау мәдениеті айтылып, облыс мектептерінде қазір жаппай «Экологтар жасағы» құрылып жатыр. Мақсат – жыл бойы жалғасып келе жатқан жалпыұлттық тазалық акциясын қолдау және оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Алтынай Масжанова - №1-мектептің биология пәні мұғалімі:
Балалардың СТЕМ технологиясын қолдана отыра жасаған құрылғылары бар, соларды көрсетеміз. Ол құрылғылар қоқыс жәшіктері, яғни қалдық заттарды сұрыптау үшін электронды түрде қоқыс жәшкітерін пайдалану. Одан кейін құрғақшылық кезінде өсімдіктер өздері суды қажет етіп, бізге су құй деген сияқты белгі беретін құрылғылар жасады.
Жандос Бақытұлы