Қоғамдық қайырымдылық қордың басшысы Перизат Қайраттың қылмыстық жолмен сатып алынған дүние-мүлкіне шектеу қойылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Соттың санкциясымен Астанадағы бірнеше элиталық жылжымайтын мүлкі мен қымбат бірнеше көлігіне тыйым салынды.
Сондай-ақ блогердің тұрғылықты жерін тінту кезінде қайырымдылық қорының қаражатына сатып алынған қымбат техника, танымал әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдары мен сөмкелері табылған. Бұл мүліктер заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, танымал блогер су тасқынына жиналған қаржы мен палестиналықтарға жіберілуі тиіс гуманитарлық көмектің ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Қаражаттың жалпы сомасы 1,7 млрд теңге.
Аида Ахметбек