Жаңа Алатау қаласын дамытуда халықаралық озық тәжірибе қолданылады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі айтты. Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, арнайы экономикалық аймақ Орталық Азиядағы көлемі жағынан алғашқы үштіктің қатарында кіреді. Қала биыл қаңтар айында құрылып, мамыр айында бас жоспары бекітілген еді.
Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:
Бұл жаққа сыртқы инвестиция тартымдығын ұлғайту, ол үшін шетелдік тәжірибені қолдану. Біз Сингапур мен Қытайдың компанияларымен жұмыс істеудеміз. Дүниежүзіндегі ең бір мықты арнайы экономиканың аймағы бар қала Ше Жэнь қаласы, солардың Си-Ди-Ай компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз.
Бұдан бөлек аймақ әкімі облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 24 мың оқушыға арналған 26 мектептің құрылысы басталғанын айтты. Жыл соңына дейін 5 мектеп қолданысқа берілмек.
Аида Ахметбек