Абай облысында 80 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 80 отбасы баспаналы болды

14.12.2024

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Абай облысында 80-ге жуық отбасы баспаналы болды. Семей қаласы, Ақсуат, Көкпекті аудандарында әлеуметтік осал топтар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне жаңа пәтерлер табысталды. Тек Семей қаласының өзінде биылғы жылы 352 пәтер берілген. Жыл соңына дейін тағы 30 отбасы қоныс тойын тойлайды. Облыс бойынша аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда да, құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр.

Зәуре Желдібаева, Семей қаласының тұрғыны: 

Қуанышымызда шек жоқ. Жалғызбасты болып тіркеуге тұрғаныма 12 жыл болды. Бүгін сол күнге жетіп отырмыз. Әкімшілікке көптен көп рахмет.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу