Қазақстан тарихы көптомдығының ғылыми-редакциялық алқасының көшпелі отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан тарихы көптомдығының ғылыми-редакциялық алқасының көшпелі отырысы өтті

14.12.2024

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық көптомдық басылымның ғылыми-редакциялық алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында топтаманы құрастыруға қатысты атқарылған жұмыс қорытындыланды. Отырысқа томдардың авторлары мен жетекшілері, Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығы, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының және мемлекеттік архивтің өкілдері мен қызметкерлері, сондай-ақ тарихшы ғалымдар қатысты.

Айта кету керек, бұған дейін екі апта бойы ғылыми-редакциялық алқа Қазақстан тарихы академиялық басылымының жеті томының бастапқы қолжазбасын оқып шығып, ғылыми сараптама жасаған еді. Мемлекеттік кеңесші екі аптаға созылған бірлескен жұмыстың нәтижесінде басылымның құрылымы мен қолжазбасының мазмұнына қатысты ұсыныстар айтты. Көптомдықты әзірлеу жұмысына еліміздің тарихшылары мен археологтары ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның этнологтары, мұрағат және мұражай қызметкерлері, географтар мен лингвистер мен сарапшылар жұмылдырылды. Көптомдықты әзірлеуге қатысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыс аясында ғылыми форумдар мен конференциялар, сонымен қатар әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады. Онда зерттеулердің ғылыми нәтижелері мен еліміздің ғалымдарының, сарапшыларының және мамандарының ұсыныстары қарастырылады.

Ақан Оңғарұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры: 

Томдардың өзара байланысы, жалпы проблемалардың ортақтығы, басқа томдарды жазып жатқан тарихшылардың көзқарасы деген сияқты өте жақсы пікір алмасу болды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу