«Қазақта қала мәдениеті болмаған» деген пікірді жоққа шығарған ғалым, археолог, шығыстанушы Әлкей Марғұланның туғанына биыл 120 жыл. Бүгін Павлодар қаласында Әлкей Хақанұлының бұрын жарияланбаған еңбектері жайлы екі кітаптың таныстырылым өтті.
Ежелгі қазақ тайпалары және қазақ хандығының құрылуы, Қазақтың сал, серілік дәстүрі. Осы екі кітаптың атауы Әлкей Марғұланның бір саламен ғана шектеліп қалмаған ғалым екенін дәлелдейді. Ол тәулігіне 16 сағат жұмыс істеген. Замандастары Әлкейді не жұмыс кабинетінен, немесе сар даладан табасың деп әзілдейді екен.
Амантай Құдабаев, Тарих ғылымдарының кандидаты:
Бәрі коммунистік партияның тарихына қор қылып отырған кезде «Мен қазақтың ел болғандығын дәлелдеу үшін қазақтың Сарыарқасына кеттім» дейді. Сонда 40 жыл өмірін арнады. Бұл жерде де өркениет болғанын дәлелдеп берді. Бұл еңбегі бүкіл дүниежүзін таңқалдырды.
Бұл Шығыс Қазақстан аумағында ежелгі қола дәуірі өркениетінің ошағы болғанын айғақтаған еңбегі еді. Сәл кейін Оңтүстік және Батыс Қазақстандағы көне қалалардың орнын тапты. Дала цивилизациясының ізін ашты.
Болат Аманбаев, тілші:
Қазақ көшпелі емес, жартылай көшпелі халық деп алғаш айтқан ғалым осы Әлкей Марғұлан болатын. Кейін дала мәдениеті ғана емес,қала мәдениеті болғанын ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Әлкей Марғұланның археологиядағы тағы бір жаңалығы-Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Бұл Қазақстанда қала мәдениеті болмаған деген теріс пікірді біржола жоққа шығарды.
Дәнел Марғұлан, академик Әлкей Марғұланның қызы:
Бөкейхановтың айтқан сөзі: Мен өзім Ақтоғайданмын. Сонда тудым. Сол Ақтоғайда бір тамаша үлкен ғимарат бар. Ежелгі заманның. Соны зертте деп. Сол Беғазы-Дәндібай содан басталды. Маған айтатын сол Беғазы-Дәндібайдың мәдениеті-қазақ мәдениетінің басталғаны.
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеді. Көркем әдебиет саласында да із қалдырды. Ал, кейінгі кезде Алаш үкіметінің тұжырымдамасын сақтап қалғандардың бірі Әлкей Марғұлан деп айтылып жүр.
Алтынбек Құрманов, Өлкетанушы, қоғам қайраткері:
Алашордашылармен тікелей байланыста болған бұл кісі. Мағжанды көп айтатын. Мен жақсы білемін. Есімде қалған. Алашордашы өзінің қайын атасы Әбікей Сәтбаев. Ол мына Бішкекте ұсталынып кетті. Кейінгі Кеңес үкіметінде тірі қалғандар М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан жаңағы ілгерідегі тұлғалардан алған білімін халықтың болашағына жұмылдыруда бұл кісілер ерекше еңбек жасады.
Әлкей Марғұлан басқа ғалымдардың еңбегіне сүйенуді жөн көрмеген. Ол археологиялық экспедицияларға өзі барып, өзі тапқан жәдігерлерді зерттеп, елге жария қылып отырған. Жұмыс стиліне тән бір ерекшелік, бірнеше саланы зерттеуді қатар жүргізе білді. Яғни, адамзатқа керек жаңалықтарды жылдам ұсынып отырды.
Болат Аманбаев