Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Ерекше демалыс орны қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындардың демалысын жақсы өткізетін орын болмақ. Мұнда скейтборд пен шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары бар. Сонымен қатар екі шақырымдық жүгіру жолы мен веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелген өсімдіктің 70-ке жуық түрі бар. Олардың ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктермен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар да бар.
Алла Безручкина, дендролог:
Мұндағы өсімдіктер жергілікті ауа райына қолайлы келеді. Мәселен сәндік ағаштар Өзбекстан мен Алматыдан жеткізілген. Олар қала тұрғындары мен осында келуші қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, керемет әсер қалдырады.
Айнұр Әбілқасымқызы