Volkswagen жұмысшылары ереуілді жалғастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Volkswagen жұмысшылары ереуілді жалғастырып жатыр

17.12.2024

Германияда "Фольксваген" компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, зауыттарды жаппауды, адамдарды жұмыстан қысқартпауды талап етіп жатыр. Осы дауды шешу үшін автоконцерн басшылығы мен кәсіподақ жетекшілері келіссөздердің бірнеше раундын өткізді.

"Фольксваген" нарықтағы бәсекелестікті сақтау үшін жалақымен бірге өндіріс қуатын қысқартуды да көздейді. Өткен аптада осы жоспарға тоғыз зауытта 100 мыңдай адам қарсылық білдірген екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу