«VOLKSWAGEN» жұмысшылары ереуілді жалғастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«VOLKSWAGEN» жұмысшылары ереуілді жалғастырып жатыр

17.12.2024

Германияда «VOLKSWAGEN» компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, зауыттарды жаппауды, адамдарды жұмыстан қысқартпауды талап етіп жатыр. Осы дауды шешу үшін автоконцерн басшылығы мен кәсіподақ жетекшілері келіссөздердің бірнеше раундын өткізді. Ендігі кездесу 2025 жылға жоспарланып отыр. Егер бір мәміле жасалмаса, кәсіподақтар алдағы айларда бұрын соңды болмаған ауқымды демонстрациялар ұйымдасыратынын ескертті. «VOLKSWAGEN» бәсекеге төтеп беру үшін жалақымен бірге өндіріс қуатын да қысқартуды да көздеп отыр. Компания жағдайының қиындауын энергияның қымбаттауы, Азияда жасалған арзан автомобильдердің Еуропа нарығына көптеп енуі себепші.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу