Енді Қазақстандағы проблемалық шағын несиелермен арнайы омбудсмен айналысады. Ол жұмысын 21 желтоқсаннан бастайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Микроқаржылық омбудсмен несиесін төлеу мерзімін өткізіп алған қазақстандықтарға коллекторлармен арадағы түсінспеушілікті шешуге көмектеседі. Сондай-ақ сотқа дейінгі дау-дамайда тәуелсіз төреші қызметін атқарады. Омбудсменнің қызметі тегін болады және оның көмегіне тек жеке тұлғалар жүгіне алады. Омбудсменнің шешімін микроқаржылық ұйымдар 30 күннің ішінде орындауға міндеттеледі. Дегенмен оның соттағы және дәлел-дәйегі толық емес істі қарауға құқығы жоқ. Қаржы саласының мамандары қазақстандықтардың микроқаржылық ұйымдарға берешегі 1 трлн теңгеден асқанын айтады. Сондықтан бұл шаруаға омбудсменнің араласуы өте дұрыс шешім дейді.
Айбар Олжай, экономист:
Ол ең бірінші қарызын қайтара алмай жүрген борышкерлерге дұрыс. Өйткені әрқайсысымен персоналды түрде жұмыс істей алады. Ал соттың оған уақыты жоқ. Сондықтан өзінің белгілі бір стандарттарына сай, қарыз болса қарызды қайтар деп шешім шығара салады. Алынған несиелердің қаншалықты заңға сай екендігі, оның ставкасының заңда көрсетілгенінен жоғары ма, көрсетілмеген ставка деген болады. Соның бәрі қолданылды ма?! Осының бәрін омбудсмен тексере алады. Егер заңға сай емес екені анықталса, көп жағдайда борышкер ұтып кетуі мүмкін.
Экономисттің айтуынша, омбудсмен қарызын қайта алмайтын азаматтарға өзін банкрот деп жариялауға кеңес беруі мүмкін. Өйткені көпшілік үшін бұл тығырықтан шығуыдың жалғыз жолы. Айта кету керек, омбудсменнің өкілеттіліг алуы микроқаржылық ұйымдарға тиімсіз. Сондықтан келер жылы елдегі шағын микроқаржылық ұйымдардың басым бөлігі нарықтан кетуі ғажап емес.
Нұрсұлтан Тілектес