Жамбыл облысында енді қолөнершілерге қаржылай қолдау көрсетіледі. Аймақ ісмерлеріне Жаңа жылдан бастап 8 млн теңге грант беріледі. Қолөнершілер бұл мемлекет берген мүмкіндік ата дәстүрді жаңғыртуға серпін береді деп қуануда. Бірақ грант барлық үміткерге бірдей берілмейді. Талабы бойынша жеке шеберханасы бар, өз ісімен тұрақты айналысатын шеберлер ғана ала алады. Бүгінде облыста 200-ден аса қолөнерші тіркелген. Олардың көпшілігі зергерлік пен тоқыма өнерімен айналысады.
Назерке Болатбек, зергер:
Бәсекелестік жоғарылайтын болса, сұраныс жоғырылайды және баға көтеріледі. Зергерлер жақсылап істеуге талпынады деп ойлаймын. Үкіметтен, облыс басқармасынан қолдауды соңғы 1-2 жылда байқап жүрмін.
Мөлдір Мұқтарқызы, «Тараз-туризм» ақпараттық орталығы директорының міндетін атқарушы:
Жалпы облыс әкімі 186 млн-ды бөліп отыр. Заң жағынан қарастырғанда 1 адамға 8 млн-нан қарастырып отырмыз. Сонда шамамен 20 қолөнершілерге жуық мүмкіндікті ала алады.
Данияр Әлімқұл