Халықаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер Астанада ұсталды. Екеуі де Ресей азаматы. Бірі 1984 жылы жасаған қылмысы үшін іздеуде жүрген. Оған қарақшылық, кісі өлтіру және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылып отыр. Екіншісі өткен жылдың ортасынан бастап жарылғыш заттар орнатумен айналысты деген күдікке ілінген. Қылмыскерлер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталып, қамауға алынды. Енді оларды Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы