Индонезияда есірткі тасымалдағаны үшін өлім жазасына кесіліп, атыла жаздаған филиппиндік әйел түрмеден босатылды. Мэри Велосо ауыр үкімге іліккендер камерасында 15 жылдай отырған. Бүгін ол Манилаға ұшатын рейспен үйіне оралмақ. Баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде Велосо екі ел президенттеріне алғыс айтты. Индонезия мен Филиппин үкіметі осы мәселе бойынша жылдар бойы келіссөз жүргізген. Велосо екі баланың анасы, бұрын үй көмекшісі болып жұмыс істеген. Ол 2010 жылы 2,5 келі героинмен Джокья Карта қаласында тұтқындалды. Айтуынша, білместікпен наркокурьер болып, қолға түсіп, істі болған.
Арыстан Рысбек