«Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!». Осындай тақырыптар бойынша жас ақындар арасында мүшәйра өтеді. Оған қалам ұстаған 14-29 жас аралығындағы шайырлар қатыса алады. Байқаудың шарттары қарапайым: ақындар қыркүйектің 5-не дейін өтінімдермен қоса, тиісті тақырыпқа жазылған жыр-өлеңдерін тапсырады. Туындыларды әділқазылар електен өткізіп, жүзден жүйріктерді анықтайды. 1-орын – 300 мың теңге.
Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай 25 үздік жас ақынның тізімі түзіліп, 50 туынды жинақ болып жарыққа шығады. Бұл – жас ақындардың шығармашылық шыңдалуына және әдеби ортада танылуына жол ашпақ.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жас ақындарға арналған мүшәйра жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20416/)