Бүгін елордалық спортшылар коммуналдық қызметкерлерге қолдау білдірді. Олар ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, қар күреуге атсалысты. Осылайша қыстыгүні қала көшелерін қар мен мұздан тазалап жүрген жандарға алғысын білдірді. Игі іс «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылып отыр. Ал мұндай шараның негізгі мақсаты – халықты бір-біріне қолдау көрсетуге баулып, ауызбіршілікті нығайту.
Темірлан Нұрсолтанов