Қазақстанда фермерлерге субсидия беру тоқтатылады. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мұндай механизмінен мемлекет 2029 жылға қарай бас тартпақ. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осылай дейді. Бірақ, мәжілісмен Жигули Дайрабаев бұл өзгеріске алаңдаулы. Айтуынша, тыйымның бұл түрі аграрлық саладағы өсімді төмендетеді. Мысалы, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығына бөлінген мемлекеттік қолдау нәтижесінде өсімдік шаруашылығында орташа жылдық өсім 15,9%, мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3 трлн-нан 4,3 трлн- ға ұлғайған. Субсидия беру тоқтаса, бұл көрсеткіштерге де зар боламыз, - дейді депутат.
Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Соңғы кездері Үкіметте агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауды тоқтату мәселесі жиі айтылуда, алайда біз азық-түлік қауіпсіздігі туралы ұмытпауымыз керек. Фермерлерді тек жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, инвестициялық тартымыдылыққа кері әсер беруі мүмкін. Сонда біз Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығына инвестициялық қаржыны барынша көптеп тарту мәселесін қалай шешпекпіз? Немесе сіздер фермерлерді салықтан босатасыздар ма?
Қарызды келесі жылға қалдыру үрдісі де шешілмей келеді. Мәселен биыл фермерлерге берілуі тиіс 359 млрд теңге субсидияның әлі 257 млрд-тайы төленбеген. Ал Ұлттық экономика министрі саланы цифрландыру арқылы субсидия беру мәселесін реттеуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Серік Жұмабек