Биыл ел экономикасының негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны байқалады. Үкіметтің есебі осындай. Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдаған еді.
Мысалға, сыртқы сауда айналымы биылғы 10 айда 116 млрд доллардан асқан. Отандық тауардың экспорты 5 пайызға өсті, бұл 70 млрд долларға жуық ақша. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10 пайызға ұлғайып, 23 млрд доллардан асты. Сонымен бірге есепті кезеңде импорт 3 пайызға қысқарды. Импорт төмендесе экспорттің үлесі артуы заңды құбылыс. Нәтижесінде экономиканың оң сауда балансының 33 пайызға өскені байқалады. Биыл инфляция төмендеп, қараша айында жылдық мәнде 8,4 пайыз болды.
Сауданың оң балансы және өңделген тауарлар экспортының өсімі
СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ - $116,9 млрд
ЭКСПОРТ - 5,1% $68,5 млрд
ӨҢДЕЛГЕН ТАУАРЛАР ЭКСПОРТЫ - 10,2% $23,3 млрд
ИМПОРТ - 3,3%
САУДА БАЛАНСЫ - 33,4% $20,1 МЛРД-ҚА ДЕЙІН
ЖЫЛДЫҚ ИНФЛЯЦИЯ – 8,4 %
Алдын ала анализге сүйенсек, осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 4,4 пайызға жетті. Ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5 пайызға, көрсетілген қызметтер 4,5 пайызға өсті. Көрсеткішті жақсартып отырған салаларды тізіп өтсек. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік қызметтерінде және байланыс пен өңдеу өнеркәсібінде өсім бар.
Қазақстан экономикасын әртараптандырудың нәтижесі
ЖІӨ - 4,4% (2024ж. қаңтар-қараша)
ТАУАР ӨНДІРІСІ- 5%
ҚЫЗМЕТТЕР - 4,5%
ЖІӨ ӨСІМІНІҢ 70 % АСТАМЫ – ЭКОНОМИКАНЫҢ МҰНАЙДАН ТЫС СЕКТОРЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ +13,4%
САУДА +8,2%
КӨЛІК +8,1%
ҚҰРЫЛЫС +10,3%
БАЙЛАНЫС + 5,3%
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ +5,3%
Сондай-ақ биыл отандық тауар өндірушілерді қолдау артты. Соның арқасында экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 1,8 пайызға өсіп, жалпы көрсеткіш 38 пайыз болды.
Қазір елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілер саны 1,5 пайызға артып, 2 млн кәсіпорыннан асты. Осы секторда барлығы 4 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл ретте шағын және орта кәсіптегі өнім шығару көлемі 19 пайызға артып, 35 трлн теңгеге жуықтады.
Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың тиімділігі
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШОБ ҮЛЕСІ - 38,2% +1,8%
2 МЛН-НАН АСТАМ КӘСІПОРЫН
4,2 МЛН ЖҰМЫС ОРНЫ
ӨНІМ ШЫҒАРУ КӨЛЕМІ 34,2 ТРЛН ТЕҢГЕ +19,1%
Азамат Нұғыманов