«Саламатты Қазақстан» пойызы: 140 елдімекеннің тұрғындарына көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саламатты Қазақстан» пойызы: 140 елдімекеннің тұрғындарына көмек көрсетілді

19.12.2024

«Саламатты Қазақстан» пойызының жұмысы аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, 8 ай ішінде 17 облыстың 140 шалғай елдімекен тұрғындарына тегін медициналық және әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетілді. Биыл 104 мыңнан астам адам мамандардан көмек алған. Ол былтырмен салыстырғанда 12 мыңға көп. Жалпы «Саламатты Қазақстан» аясында 40 кәсіби маман жұмыс істеген.

Екінші жыл қатарынан жобаға тартылған медиатор мен заңгер үш мыңға тарта азаматтың арызын қарап, кеңес берген. Көпшілігі несие, коллекторлық ұйымдар алдындағы қарызы бойынша көмек сұраған. Сондай-ақ, 26 азаматтық және 27 қылмыстық іс медиация аясында тоқтатылған. Бұдан бөлек, дәрігерлер 101 азаматқа медициналық жәрдем көрсетіп, 7 жарым мың шағын ота жасаған. Жұрт тарапынан терапевт пен невропатологқа сұраныс жоғары болған.

Әсел Қыдыралиева - ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық және жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі:

Шалғай жатқан елдімекендердегі тұрғындар көбінесе еңбек жасындағы емес егде жастағы адамдар саналғандықтан, бүгінгі оперативтік мәлеметтер бойынша 1350 жағдай қан айналым жүйесі аурулары бойынша анықталған. 105 жағдай қант диабеті және 144 жағдай глаукома ауруы анықталған болатын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу