780 мың қазақстандықтың қаржылық сауаты жақсарды – Ерлан Қошанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

780 мың қазақстандықтың қаржылық сауаты жақсарды – Ерлан Қошанов

19.12.2024

«Қарызсыз қоғам» жобасының көмегімен 780 мың қазақстандық қаржылық сауаттылығын жақсартты. Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бүгін осылай деді.

Жобаға қатысушылардың 40%-дан астамы – қарыз жүктемесін, 70%-ы – төлем қабілеттілігін жақсартқан. Сондай-ақ, жазғы каникул кезінде «Қарызсыз қоғам» сарапшылары мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының 7 жарым мың ұстазына дәріс берген. Биыл 500 мыңнан астам оқушы мен 100 мың студент білім алды. Нәтижесінде, проблемалық несиенің үлесі 18%-дан 7%-ға дейін төмендеді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Аmanat» партиясының төрағасы:

«Қарызсыз қоғам» партиялық жобадан жалпы халықтық жобаға айналып келеді. Біз қоғамның болмысын, мәдениетін, көзқарасын оң бағытқа өзгертуге күш салып жатырмыз. Адамдардың өмірін өздерінің күш жігерімен өзгертуге жағдай туғызып жатырмыз. Қарызсыз қоғам жобасы осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың құрамдас, ажырамас бір бөлігі. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу