Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясына тағы да жаңадан 8 академик сайланды. 2-ші конкурста іріктеуден өткен академиктерді бүгін салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Барлығы 4 ғылыми бағыт бойынша еліміздің және әлемнің ғылыми қауымдастығында танымал, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалымдар. Олар өздерінің ғылыми жетістіктері, инновациялық идеялары мен жас ғалымдарды тәрбиелеу арқылы отандық ғылымның дамуына атсалыспақ. Осылайша, Ұлттық ғылым академиясының академигі болып барлығы 17 адам сайланды.
Қуантар Әлиханов, ҚР президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылым орталығының директоры:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «ғылым, технология Қазақстан экономикасының драйвері болуы керек», - деген ұғымды ары қарай жалғастырады. Осы академиктер алдағы 5 жылда өздерінің алға қойған бағдарламасын президиум алдында қорғап, осы бағдарламасын жүзеге асыратын болады.
Ғылымды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады, - деді Ұлттық ғылым академиясының басшысы. Себебі БАҚ өкілдері ғылыми жетістіктердің қоғамға қолжетімді және түсінікті түрде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Салтанатты шарада ғылымды насихаттауға қосқан үлесі үшін «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мен «Qazaqstan» телеарнасы Алматы бюросының тілшісі, әріптісіміз Қуан Нұрақын алғыс хатпен және арнайы төсбелгімен марапатталды.
Қуан Нұрақын