Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды

21.12.2024

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке биыл ақпанда ғана тағайындалған еді. Енді бұл лауазымды Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жұманғарин атқаратын болды. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Серік Жұманғарин осы жылдың 6 ақпанынан бері вице-премьер лауазымында жұмыс істеп келеді. Енді Ұлттық экономика министрі қызметін қоса алып жүретін болды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу