Астанада Т.Әбдіктің «Парасат майданы» психологиялық драмасы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Т.Әбдіктің «Парасат майданы» психологиялық драмасы сахналанды

22.12.2024

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры Т.Әбдіктің «Парасат майданы» және «Оң қол» шығармаларын жымдастырып «Парасат майданы» спектаклін қойды. Режиссері Гүлсина Мирғалиева.

Театрлар «ғарышқа» қаншалықты ұмтылса, қоғам да соншалықты ағарады. Тұтас қоғамды еліктіру мүмкін емес шығар. Дегенмен. Белгілі публицист Анар Төлеухан спектакльден кейін ой бөліскен. Цитата:

«...Сусыз тіршілік жоқ, оны ішесің, бау-бақша, егініңді суарып өнім алып, өзіңді, бала-шағаңды асырайсың. Ал осы су көктемде бір сәтте арындап тасыған кезде бүлдіруші күшке айналады. Жолындағының бәрін жайпап, құртып, тіпті адамдардың өмірін жалмап, зұлым күшке айналады. Алайда уақыт өте ол басылып, өзінің бұрынғы жақсылық жасаушы күшіне, қайырымдылық жолына қайтып келеді. Сондықтан біздің жамандық дейтініміз әртүрлі жағдайда әртүрлі сипатқа ие бола алатын бір ғана құбылыс...»

«Оң қолды» үйдің үлкендерінен қалыспай оқушы кезде оқығанда түпкі мәні басқада екенін түйсікпен сездік. Кейін «Парасат майданы»-мен қайта оқығанда түсіндік. Рас, ойша бірнеше адамға бөлініп алып пікірталастырамыз, дискуссияда қайсысының жеңетіні өзімізге де қызық, әрі қорқынышты...

Адамның ішкі иірімдеріне соншалықты терең үңілген Төлен Әбдіктің шығармасы рас, жақсы сахналанған деп келді, Амангелді Сейітхан да.


Хабарламаларға жазылу