Мозамбикке өткен аптада соққы берген «Шидо» дауылынан 94 адам қаза тапты. Мұны "Би-Би-Си" агенттігі хабарлады. Табиғи апаттан 800-ге жуық адам жараланған. Циклон елдің солтүстік провинцияларына соққы берген. Жел сағатына 260 шақырым жылдамдықпен соқты.
Алғашқы тәулікте 250 мм жауын-шашын түскен. Одан 50-ден астам санитарлық нысанға зақым келді. Сол себепті негізгі медициналық қызметтер аясы шектелген. Жергілікті халыққа көмекке 1300-ден астам полиция қызметкері жіберілді.
Арай Төлегенқызы