Магдебургтегі шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Магдебургтегі шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр

23.12.2024

Германияның Магдебург қаласында жаңажылдық жәрмеңкеде болған оқыс оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бір топ адамға шабуыл жасалып, 5 адам қаза тапты. 200-ден астам адам жараланған. Қазір оқиға болған жер қоршауға алынған. Ал жәрмеңкеде көлігімен адамдарды қағып кеткен күдікті ұсталды.

Ол - 2006 жылы Германияға Сауд Арабиясынан барып, босқын дәрежесін алған Талеб әл-Абдулмохсен есімді дәрігер. "Би-Би-Си"-дің мәліметіне сай, күдікті ислам дініне қайшы көзқарас ұстанады. Бұған дейін Сауд Арабиясы Германия билігіне әл-Абдулмохсеннің қауіпті ұстанымды қолдайтынына қатысты 4 мәрте ресми хабарлама жіберген екен. Германияның қауіпсіздік қызметі мұны ескерусіз қалдырған. Осыған байланысты тұрғындар ашуға булығып, биліктің, қауіпсіздік органдарының жұмысын сынға алды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу