Елімізде авиаотын тапшы. Әуежайлар жанармайды көрші елдерден сатып алуға мәжбүр. Мәжілісте өткен үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев осылай деді. Министрлік мәселені шешу үшін «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясын бірыңғай оператор ретінде айқындауды ұсынып отыр.
Осылайша, ортадағы делдалдар жойылып, жанармай жеткізуді тұрақтандыруға болады. Президент 2028 жылға дейін Қазақстанның әуежайларында өңделетін жүк көлемін екі есе арттыруды тапсырған. Авиаотын тапшылығы жойылғаннан кейін транзиттік ұшақтарға еліміздің әуе кеңістігі арқылы ұшу үшін төмен бағалар ұсынылмақ. Бұл тасымалданатын жүктердің көлемін арттыруға да мүмкіндік береді деді министр.
Оңғар Алпысбайұлы