Алматы үйлену бойынша республика көлемінде алғашқы орында тұр. Жыл басынан бері 20 мыңға жуық заңды неке тіркелген. Отау құруға өтініш берген жұптардың орташа жасы ерлер үшін – 27, әйелдер үшін – 25 жас. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалы хабарлады.
Өкініштісі, шаһарда шаңырағы шайқалып, екі жаққа кеткен отбасылар да көп. Биыл 4500-ға жуық жанұя заңды некесін бұзыпты. Мамандардың сөзінше, көбіне ажырасуға өтінішті жастар береді.
Ернұр Медет