Бразилияда жеке ұшақ адамдар тұратын ауданға құлады. Лайнер бортында болған 10 адамның барлығы қаза тапқан. Бұған қоса, ұшақ құлаған ауданда 17 адам жараланды. Марқұм болғандар – 61 жастағы бразилиялық кәсіпкер мен оның 9 отбасы мүшесі. Оқиға елдің Риу-Гранди-ду-Сул штатының Грамаду қаласында болған. Ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 3 минуттан соң құлаған. Апат себебі – әзірге белгісіз.
Арай Төлегенқызы