Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты

24.12.2024

Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше болған. Цехта жабдықты жөндеу шебері болып жұмыс істейтін 38 жастағы тұрғын жедел жәрдем келгенше қайтыс болған. Оның бас сүйегі мен жамбасы сынған. Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Бірақ энергетикалық комбинаттың баспасөз қызметі деректі растап, еңбек заңнамасы аясында тергеу басталғанын жеткізді.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу