Израиль билігі «Хамас» лидері Исмаил Ханияның өліміне жауапты екенін алғаш рет мойындады. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Ол бұл сөзін йемендік хуситтер туралы айтып жатқанда келтірген.
Министр Израиль билігі хуситтердің инфрақұрылымына шабуыл жасап, олардың да жетекшілерінің көзін жоятынын мәлімдеді. Естеріңізе сала кетсек, палестиналық Хамас тобының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шілде айында Тегерандағы резиденциясында әуе шабуылынан опат болған еді. Израиль әскері оның орнына келген Яхья Синварды да мерт қылды.
Арай Төлегенқызы