Францияда жаңа үкімет құрамы жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жаңа үкімет құрамы жасақталды

24.12.2024

Франция үкіметінің жаңа құрамы жарияланды. Елде министрлер кабинеті бір жылда осымен төртінші мәрте қайта жасақталып отыр. 7 министр өз лауазымын сақтап қалды. Олардың арасында қорғаныс, сыртқы істер министрлері бар. Білім беру министрлігін экс-премьер Элизабет Борн, Әділет министрлігін бұрынғы ішкі істер министрі ЖерАльд ДарманЕн басқарады.

Премьер-министр Франсуа Байру жетекшілік ететін жаңа үкіметтің алғашқы отырысы қаңтардың 3-де өтеді. Ал бұған дейінгі Мишель Барнье үкіметі желтоқсанның 4-де сенімсіздік вотумы жарияланғаннан кейін отставкаға кетті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу