Мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлерге жасанды интеллект оқытылады

24.12.2024

Енді жасанды интеллект әкімдерге ақыл-кеңес айтып отырады. Яғни, қай аймақта қандай мәселелерді шешу керектігін көрсетіп, көмектеседі. Үкіметтің көшпелі отырысында жаңа цифрлық технологияларды енгізу мәселесі талқыланды. Министр Жаслан Мәдиев, бұл жүйе қазір Риддер қаласында қолданылып жатқанын айтты. Премьер-министр жасанды зейіннің ұсыныстарын апта сайын барлық өңір әкіміне жіберіп отыруды тапсырды. Ал келер жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер жаңа технологияның құралдарын оқып-меңгереді. Білім және ғылым министрлігіне жасанды интеллект бойынша білім бағдарламасы мен арнайы курстарын әзірлемек. Еске салсам, Президент алдағы 5 жылда осы салада 1 миллион маман дайындау керектігін айтқан.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

Нейрондық желілер арқылы біз тәуекелдерді және төтенше жағдайларды болжап, олардың алдын аламыз. Сондай-ақ проактивті түрде әрекет етуге мүмкіндігіміз бар. Цифрлық трансформация кезінде жаңа цифрлық шешімдерді интеграциялау жұмысын жүргізуіміз керек.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу