Биыл баспана бағасы 3,4%-ға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл баспана бағасы 3,4%-ға қымбаттады

25.12.2024

Елімізде биыл тұрғын үй бағасы өскен. Бірінші нарықтағы баспананың бір шаршы метрі 499 257 теңге болса, екінші нарықтағы құны 511 мың 717 теңгеге жуықтады. Осылайша теңгемен есептегенде шамамен 3,4 пайызға артқан. Алайда долларға шаққанда 10 пайызға арзандады, дейді сарапшылар.

Баспана бағасы әсіресе үш өңірде қымбаттаған. Ақтөбеде жыл басынан бері жаңа үйлер 11 пайызға, Көкшетауда 10,1 пайызға, ал Таразда 10 пайызға өскені байқалады. Екінші нарықтағы бағалар бойынша Атыраудағы баспаналардың бағасы 16,7 пайызға, ал Астана мен Көкшетауда 9,8 пайызға қымбаттапты.

Қаракөз Тұрмағанбет



Хабарламаларға жазылу