Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласы тұрғындары тоңа бастады. Шағын шаһарды жылумен қамтуға арналған орталық қазандықта ақау шыққан. Тұрғындардың әлеуметтік желіде қалдырған жазбаларына қарағанда таңғы сағат 6.30 дан бастап жылу параметрінің төмендегені байқалған.
Іле ыстық су тоқтатылған. Әлеуметтік нысандарда температуралық режим әзірге сақталып тұр. Мектептерде сабақ жүріп жатыр. Балабақшалар жұмыс істеп тұр. Бірақ ақау шыққан жер жөнделмесе түстен кейінгі шаралар тоқтатылуы мүмкін.
Болат Аманбаев